Шымкент қаласында әлеуметтік жобаларды дамыту мәселелері талқыланды

0
77

Кездесуде аутизмі бар ересектерге арналған білім беру және кәсіби бағдарламаларды дамыту мәселелері де қарастырылды.


  Шымкент қаласында әлеуметтік жобаларды дамыту мәселелері талқыланды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Болат Өтемұратов қорының бас директоры Айнұр Кәрібозовамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қордың стратегиялық қызмет бағыттары, жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік және білім беру жобалары, сондай-ақ азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру мен әлеуметтік инфрақұрылымды нығайтуға бағытталған бірлескен бастамалар кеңінен талқыланды.

Әсіресе, еліміз бойынша аутизмі бар балаларға кешенді қолдау көрсетіп келе жатқан «Асыл Мирас» орталықтар желісінің жұмысына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, Шымкент қаласында 2020 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан орталық аутистикалық спектр бұзылысы бар балалар мен жасөспірімдерге психологиялық, медициналық және педагогикалық көмек көрсетіп келеді.
Сонымен қатар, кездесуде аутизмі бар ересектерге арналған білім беру және кәсіби бағдарламаларды дамыту мәселелері қарастырылды. Бұл бастамалар олардың практикалық дағдыларды меңгеруіне, еңбек нарығына бейімделуіне және қоғамға толыққанды кірігуіне бағытталған. Тараптар қолданыстағы бағдарламалардың тиімділігін арттыру, сондай-ақ әлеуметтік жобалардың ауқымын кеңейтуге мүмкіндік беретін нақты ынтымақтастық тетіктерін пысықтады.
Кездесу қорытындысында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Айнұр Кәрібозоваға ашық әрі мазмұнды диалог үшін алғыс білдіріп, әлеуметтік саладағы бірлескен жұмысты одан әрі жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Күш-жігер мен кәсіби тәжірибені біріктіру өңірдің дамуына және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға елеулі үлес қосатынына сенім білдірілді.
Бөлісу