«360 градус» каскадерлік орталықтың жастары енді қазақтың кино саласына үлес қоспақ.
Шаһарда каскадерлерді дайындайтын клубтың ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қаласында алғаш рет каскадерлер дайындайтын «360 градус» деп аталатын клуб ашылып, тұсауы кесілді.
Клубтың мақсаты – спортқа және киноға әуесі бар қыз жігіттерді жинап, спорттық және каскадерлық элементтерді кәсіби түрде үйрету.
Айта кетерлігі, киноматография саласында қауіпті, қиын трюктарды жанкештілікпен орындай алатын каскадерлер дайындайтын орталықтар жетіспейді.
Алғаш рет ашылған «360 градус» қазақ каскадерлық орталықтың жетекшісі – актер, режиссер, каскадер Мұқағали Әбдішәріп. Ол М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың театр ұжымының жетекші мамандығын бітірген. Еңбек жолын алғаш рет «Мейрам», «Сақ» киностудияларында каскадер болып жұмыс істеуден бастаған, сондай-ақ спорттың тайбокс және таеквандо түрімен айналысады.
«360 градус» каскадерлік орталықтың жастары енді қазақтың кино саласына үлес қоспақ. Олардың мақсаты тынымсыз еңбектің, қайсар мінездің арқасында әлемдік сахна төрінен көріну.
Қазіргі таңда каскадерлық клубта сахналық төбелес, таеквандо үйірмелері жұмыс істеуде. Жоба ұйымдастырушысы бұдан бөлек ат үстінде шебер ойнауды да қолға алмақшы.