Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Шымкент қаласында тағы 5 адам коронавирус инвекциясын жұқтырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ауру жұқтырғандар 1963 ж, 1967 ж, 1985 ж, 1989 ж, 1994 жылғы Шымкент қаласының тұрғындары. Олар коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Осыған орай, екі ошақ анықталған. Олар - “Самал-2” шағын ауданындағы Балғын көшесі және “Тассай” тұрғын үй алабындағы Жаңақұрылыс аумағы.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
19.04.2020 жылы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 67 адам анықталды.