Шымкент қаласында «Көл» аумағында музыкалық субұрқақтың құрылысы жүргізілуде

0
121

Жалпы қала аумағында 65 нысанда 86 субұрқақ орналасқан. Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының теңгерімінде 25 нысанда 40 субұрқақ бар.


Шымкент қаласында «Көл» аумағында музыкалық субұрқақтың құрылысы жүргізілуде

Бүгінде Шымкент қаласындағы мКөл (Озеро) маңынан заманауи үлгіге сай субұрқақ салынып жатыр.

100-ден астам су атқыш құрылғысынан түрлі биіктікте су атқылай отырып, әуен ырғағына сәйкес қозғалыстар жасалады. Фонтан заманауи LED жарық шамдарымен жабдықталып, түрлі-түсті жарық шоуларын ұсынады.

Айта кетейік, көлдің астын тазалау мақсатында су көлден Қошқар ата өзеніне ағызылды. Қазіргі таңда жәндіктер әлемі (балықтар) көл ішіндегі бұлақ көзі бар арықта сақталуда. Сондықтан да жергілікті халықтың балықтардың тіршілігіне алаңдауына негіз жоқ.
Жалпы қала аумағында 65 нысанда 86 субұрқақ орналасқан. Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының теңгерімінде 25 нысанда 40 субұрқақ бар. Қалған 40 мекен-жайдағы 46 субұрқақ басқа да мемлекеттік мекемелер мен жеке кәсіпкерлердің теңгерімінде. Қазіргі таңда басқарманың теңгеріміндегі субұрқақтар толықтай кестеге сәйкес жұмыс атқаруда.
Биылғы жылы 15 субұрқақтың құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді. Абай ауданында – 3, Әл-Фараби ауданында – 4, Еңбекші ауданында – 2, Қаратау ауданында – 4, Тұран ауданында – 2 нысан қолданыста.
Бөлісу