Субұрқақ Орталық саябақтың эстетикалық келбетін арттырып, Шымкент қаласының заманауи әрі жайлы мегаполис ретіндегі келбетін айқын көрсетеді.
Шымкент қаласындағы Орталық саябақ аумағында заманауи субұрқақ іске қосылды.
Бұл нысан бизнес өкілдерінің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қала тұрғындарына тарту ретінде салынды.
Жаңа субұрқақ қаланың инфрақұрылымын одан әрі дамытуға серпін беріп, тұрғындар мен қала қонақтарына жайлы демалыс пен серуен құруға қолайлы орта қалыптастырады.
Субұрқақ Орталық саябақтың эстетикалық келбетін арттырып, Шымкент қаласының заманауи әрі жайлы мегаполис ретіндегі келбетін айқын көрсетеді.