Шымкент қаласында үшем дүниеге келді

0
2 075

Жыл басынан бері Шымқалада алтыншы үшем жарық дүние есігін ашты.


Шымкент қаласында үшем дүниеге келді

Шымкент қаласының тұрғыны 27 жастағы бақытты ана Гауһар Нарметова үш қызды дүниеге әкелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Осылайша жыл басынан бері Шымқалада алтыншы үшем жарық дүние есігін ашты.

Лейла, Лейсан және Луизу есімді сәбилердің қазіргі жағдайы қалыпты. Үшемдер қарашаның 25-сі күні 35 апталық кезінде ота тәсілімен туған.
Операцияны орталықтың білікті акушер-гинекологы Сауле Дүйсенбаева жасады. Нәрестелердіңтуғандағы салмақтары 1490-2490 грамм болыпты.
Үшем мен анасы 20 күн бойы қалалық периналдық орталықта дәрігерлердің бақылауында болған. Денсаулық жағдайы жақсарған анасы мен сәбилері бүгін
перзентханадан үйіне шығарылады.