​ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ БІЛІМ КҮНІНДЕ ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

0
86


​ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ БІЛІМ КҮНІНДЕ ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

1 қыркүйек – Білім күні Шымкент қаласы Қаратау ауданы, Таскен тұрғын алабында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтерген №151 жалпы орта білім беретін мектеп салтанатты түрде пайдалануға берілді.

Жаңа оқу жылына тамаша тарту болған бұл заманауи білім ұясының ашылу рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы қатысып, жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтады.
Қала әкімі өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен іске асып жатқан «Келешек мектептері» жобасының маңыздылығына тоқталып, жаңа білім ошағының Таскен тұрғындары үшін үлкен қуаныш екенін атап өтті.
— «Келешек мектептерінің» басты артықшылығы – мұнда оқушыларға қолайлы, эргономикалық білім кеңістігі жасалған. Бұл мектептер типтік жобаларға қарағанда 15–20 пайызға кең, ал, техникалық жарақтануы жағынан 4 есеге артық. Бұның барлығы ұстаздардың жұмысын жеңілдетіп, оқушылардың білім сапасын көтеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл мектепте қауіпсіздік жүйелері де күшейтілген.
Қаламыздың жастарына сапалы білімді қолжетімді ету үшін тек мектеп құрылысы ғана емес, өзге де кешенді іс-шаралар қолға алынуда. Айталық, Президентіміздің тапсырмасына сәйкес соңғы жылдары қалада заманауи үлгідегі 2 оқушылар сарайы салынды. Нәтижесінде, Оқушылар сарайының саны 3-ке жетіп, оқушылардың 95 пайызы қосымша біліммен қамтылды.
Бүгін пайдалануға берілгелі отырған мектептен білімге құштар, адамгершілік құндылықтарды бойына сіңірген, отаншыл әрі адал азаматтар өсіп шықсын. Баршамыз бірігіп осы мақсат жолында еңбек ете берейік, – деді Ғабит Әбдімажитұлы.
Бөлісу