Шымкент қаласының әкімі «Цитадель» құрылысымен танысты

0
1 616

Ол жерде амфитеатр, ежелгі мұражай мен галереялар салынады.


Шымкент қаласының әкімі «Цитадель» құрылысымен танысты

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан ескі қалашықтағы «Цитадельге» барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған жұмыс сапары барысында Ерлан Қуанышұлы келер жылы Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы екенін тілге тиек етіп, жауапты мамандарға жұмысты қарқынды түрде жандандыру және өз уақытымен аяқтау керектігін айтып, қатаң тапсырма берді.

Айта кетейік, «Цитадель» алдағы уақытта Шымкенттің негізгі туристік орындарының бірі болғалы тұр. Онда амфитеатр, ежелгі мұражай мен галереялар бой көтереді. Сонымен қатар, «Қайырымды қала» тұрғындары мен қонақтары ескі қалашықтан табылған жәдігерлерді де көре алатын болады.

дереккөз: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.