Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша, қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласының балалар құқығын қорғау басқармасының басшысы лауазымына Кеуенова Мөлдір Тұрсынбекқызы тағайындалды.
Мөлдір Тұрсынбекқызы 1985 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданында туған, қазақ, білімі жоғары. Білімі жоғары. М. Әуезов атындағы ОҚМУ және Ж. Тәшенов атындағы университетін тарих, құқық және экономика негіздері, құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған. Сонымен қатар, Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университетін заңгер мамандығын алған.
Еңбек жолын 2007 жылы Шымкент университетінде «Тарих және география» кафедрасының оқытушысы болып бастаған.
Түрлі жылдары мемлекеттік қызметте болып, Шымкент қаласының ішкі саясат саласында лауазымды қызметтерді атқарды. 2011 жылы Ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы болып бастап, бас маман, сектор меңгерушісі, Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметтерінде еңбек етті.
Сонымен қатар, бірнеше жыл Шымкент қаласы әкімінің аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы, ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бас инспекторы, Ішкі саясат және дін істері басқармасы басшысының орынбасары, мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары, Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.
24.11.2025 ж бастап бүгінге дейін Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары лауазымында еңбек етіп келді.


