Олар Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосып, қоғамдық қызметте белсенділік танытқаны үшін осы атқа лайық деп танылды.
Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс бесінші сессиясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оған қала әкімі Мұрат Әйтенов, мәслихат депутаттары, басқарма және өзге де мемлекеттік орган басшылары қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша депутаттар «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағын 20 қала тұрғынына беру туралы шешім қабылдады. Олар Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосып, қоғамдық қызметте белсенділік танытқаны үшін осы атқа лайық деп танылды. Бірі зейнеткер-ұстаз, бірі имам болса, енді бірі профессор мен кәсіпкер.
Шаһар басшысы қаншама ұсыныстар арасынан үздіктерді анықтауда жауапты шешім қабылдаған депутаттар корпусына алғысын білдірді.
Сонымен, Шымкент қаласының құрметті азаматтары:
Омаров Мұхан Омарұлы - Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің алқа мүшесі, Әл-Фараби аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы;
Рүстемов Савит Рүстемұлы - зейнеткер, Еңбек ардагері;
Әбубәкіров Сағынғали Сандыбайұлы - Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры;
Бренер Паулина Михайловна - Еңбек ардагері, ардагер ұстаз;
Түлембаева Қанымша Мүтажбекқызы - зейнеткер;
Бекназаров Нұрлан Құдиярұлы - ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстанның мемлекеттік және қоғам қайраткері;
Злавдинов Вельким Ильич - «ВИЗиТ алкогольсіз сусындар зауыты» ЖШС-ның бас директоры;
Мырзахметов Мелдебек Мырзахметұлы - «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС-ның кеңесшісі;
Құлакеев Оңласбек Құдайбергенұлы - зейнеткер, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының хирургиялық пәндер кафедрасының профессоры;
Жұматаев Жандарбек - зейнеткер, Еңбек ардагері;
Шакиров Мұқан - Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының актері;
Қаланова Райхан Мұртазақызы - Оқушылар сарайы «Айгөлек» би ансамблінің көркемдік жетекшісі;
Керімбек Ахметжан Пірәліұлы - «Абдулхамид Қаттани» мешітінің бас имамы;
Әзімбаев Асқар Кебешұлы - «Архитектура дизайн–Ш» ЖШС-ның директоры;
Сулайманов Низамхан Сулайманович - жеке кәсіпкер, «Арофат» жекеменшік балабақша, мектебінің, «РСУ-1» ЖШС-ның құрылтайшысы;
Жақсықұлов Бахытжан Ержанұлы - Ләззат Тәжиева атындағы №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;
Ботанов Амангелді Шотанұлы - зейнеткер;
Елшібаев Ақылбек Күлішұлы - сот саласының ардагері;
Әлекешев Амангелді Ізмұханұлы - «Шымкент қаласы прокуратурасының ардагерлер ұйымы» ҚБ төрағасы;
Ахмадин Әлімжан Ахмадинұлы - Ішкі істер органының құрметті ардагері;