ШЫМКЕНТ: Қарамағындағылардан бір жыл бойы пара алған майор ұсталды

0
706

Күдікті өз қызметкерлерінен жалпы қамқорлығы үшін 2021 жылдың мамырынан 2022 жылдың сәуіріне дейін ай сайын пара алып отырған


ШЫМКЕНТ: Қарамағындағылардан бір жыл бойы пара алған майор ұсталды

иллюстрациялық фото

27 сәуірде қызмет бабындағы қамқорлығы үшін қарамағындағылардан 178 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін Шымкент полиция майоры Қайрат Әлімханов ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Сыбайлас жемқорлық агенттіне сілтеме жасап.

«Күдікті өз қызметкерлерінен жалпы қамқорлығы үшін 2021 жылдың мамырынан 2022 жылдың сәуіріне дейін ай сайын пара алып отырғаны қосымша анықталды. Сондай-ақ Қ. Әлімхановтың заңда көзделген демалыс күндерін бергені үшін қол астындағылардан 2 мың теңге мөлшерінде жүйелі түрде пара алған. Осы фактілер бойынша оған қатысты сот күзетпен ұстау шарасын қабылдады», - делінген ведмство хабарламасында.

Тергеу жалғасуда.

Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.