17.04.2020 ж. сағат 18:00-де адамдарды тіркеу тоқтатылады.
Шымкент қаласы бойынша қозғалыс және блок бекеттерін кесіп өту үшін тіркеуге өтініш қабылдау бүгін аяқталады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Яғни, 17.04.2020 ж. сағат 18:00-де адамдарды тіркеу тоқтатылады.
Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдайға байланысты Шымкентте көліктер мен азаматтардың қозғалысына рұқсат беру рәсімін автоматтандыру бойынша арнайы веб-сайт іске қосылған болатын.
Кәсіпкерлер мен қала тұрғындарына арналған Shym-karantin.kz веб-сайты іске қосылды. Ол үшін тұрғындар Шымкент қаласы әкімдігінің сайтына кіру арқылы өздерінің немесе көліктердің қала ішінде жүруіне рұқсат етілгендігін біле алады.