Аудан əкімі көп қабатты тұрғын үйлерде мүлік иелерінің серіктестігі жəне қарапайым серіктестік құруының маңыздылығы мен ерекшелігін түсіндірді.
Шымкент қаласы Қаратау ауданының əкімі А.Аликулов Тұран-2 шағынауданын аралап, жаңадан пайдалануға берілген көп қабатты үйдің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аудан əкімі көп қабатты тұрғын үйлерде мүлік иелерінің серіктестігі жəне қарапайым серіктестік құруының маңыздылығы мен ерекшелігін түсіндірді. Басқарудың жаңа нысаны – ортақ мүлікке жауапкершілікпен қарап, үйдің ерте тозбауына, бір бірлестік – бір есепшот қағидасымен жұмыс жасауға зор мүмкіндік екенін айтты.
Сонымен қатар, жаңадан пайдалануға берілген көп қабатты үйлердегі коммуналдық мəселелерді талқылап, аулалардың санитарлық тазалығын жəне қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берді.