Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев биылғы жылы атқарылған ауқымды жұмыстары туралы баяндады.
Бүгін Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев Шымкент қалалық мәслихаттың бірқатар депутаттары мен «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының фракция мүшелеріне биылғы жылы атқарылған ауқымды жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сонымен қатар, аудан әкімі халық қалаулыларына абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілген 3 көпқабатты тұрғын үйдің ауласын көрсетіп, бір жылдың ішінде ауданда 31 спорт алаңшасы және 27 аула абаттандырылып, тұрғындардың пайдалануына берілгендігін айтып өтті.
Бүгінде аудан аумағында орналасқан Отырар 43, Әлімбетов 45 Б және В көпқабатты тұрғын үй аулаларына барлық стандарт талаптарына сай салынған балаларға және спорттық ойындарға арналған алаңшалар, ересектер мен жастарға арналған воркаут-аймағы, демалуға арналған бастырмалар (беседка), жайлы орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылған.
Рашид Мамытұлы мегаполистің Әл-Фараби ауданына қарасты көшелер мен аулаларын абаттандыру жұмыстары мен салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқара спортын дамыту және жастардың бос уақытын тиімді пайдалану бағытындағы жұмыстарды жіті назарда ұстауда