​ШЫМКЕНТ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИСТІК ОРТАЛЫҚҚА АЙНАЛУ ЖОЛЫНДА

0
108


​ШЫМКЕНТ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИСТІК ОРТАЛЫҚҚА АЙНАЛУ ЖОЛЫНДА

Шымкент қаласының туризмін дамытуға бағытталған маркетингтік іс-шаралар ауқымды нәтижелер көрсетіп, халықаралық деңгейде танымалдылыққа жол ашуда.

25-26 маусымда Қытайдың Үрімші қаласында өткен «Қытай – Қазақстан аумақтық байланыс» III форумында Шымкенттің гастрономиялық фестивалі ұйымдастырылды. «Жеті тандыр» мейрамханасының қолдауымен өткен шараға 3 000-ға жуық қонақ қатысты. Ұлттық тағамдар фестивалі қаланың мәдениеті мен гастрономиялық ерекшелігін шетелдік аудиторияға таныстыруға мүмкіндік берді.
28-30 маусым күндері 15 шетелдік және 15 отандық блогерлерге арналған ақпараттық-блог тур ұйымдастырылды. Түркия, Мысыр, Латвия, Әзірбайжан және Қырғызстан елдерінен келген блогерлер қала туралы 310 бейнематериал түсіріп, 108 пост жариялады. Жалпы жарияланымдардың қаралымы 11,5 миллионды құрады.
2024 жылдың 5 маусымында Шымкенттің дарынды жастарымен бірлесе «контент мейкерлер» клубы құрылды. Клуб мүшелері қала туралы фото және видеоматериалдарды әлеуметтік желілер арқылы насихаттайды. Бүгінгі күнге дейін клубтың көмегімен 180 видеоматериал әзірленіп, жалпы қаралым саны 1,8 миллионнан асты.
Сәуір айының 22-24 күндері аралығында қаладағы гидтер, қонақ үй қызметкерлері мен рестораторларға арналған семинар-тренингтер өткізілді. Үш күндік оқу барысында қатысушылар жаңа дағдыларды меңгеріп, сапалы қызмет көрсетуді арттыру бағытында тәжірибе жинақтады.
Бөлісу