ШЫМКЕНТ: Қоғамдық кеңестің мүшелері жаңаша тәсілмен сайланады

0
1 003

Бұдан былай заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету, қаржыландыруды қалалық мәслихат жүзеге асырады.


ШЫМКЕНТ: Қоғамдық кеңестің мүшелері жаңаша тәсілмен сайланады

Шымкент қаласы мәслихатында Шымкент қалалық қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобын іріктеу бойынша жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қалыптастыру, соның ішінде Қоғамдық кеңестердің құзыретін кеңейтіп, жұмысын жүйелеуді тапсырған болатын.
Жолдауды іске асыру мақсатында 2021 жылдың 3 қаңтарында «Қоғамдық кеңестер туралы» заңнамаға өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, осы күнге дейін қоғамдық кеңестердің жұмысын қамтамасыз ету үшін қаржы қаралмаған, сондай-ақ, кеңестің барлық жұмысын үйлестіру Шымкент қаласының ішкі саясат басқармасының міндетінде болған. Бұдан былай заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету, қаржыландыруды қалалық мәслихат жүзеге асырады.
– Бүгінде Қоғамдық кеңесте 5 бос орын бар. Енді қоғамдық кеңестің мүшелері жаңаша тәсілмен сайланатын болады. Бұдан алдын мәслихат хатшысы жұмыс тобының жетекшісі де әрі кеңес мүшесі де болған, алайда, қазіргі Заң талаптарына мұндай жағдай сай келмейді деп есептеп, Кеңес құрамына да, Жұмысшы тобына да өзімді ұсынбадым. Себебі, мен мәслихат хатшысы ретінде жұмыс тобын өзім бекітемін. Кеңесті қаржыландыруды қараймын. Сондай-ақ, жұмыс тобының бірінші отырысын жүргіземін, құрамын бекітемін және сандық құрамын конкурсты өткізгенге дейін айқындаймын. Міне сол себепті, Қоғамдық кеңесті қалыптастырушы жұмыс тобын қайта жасақтау бойынша шешім қабылданды, - деді Б.Нарымбетов.
Жұмыс тобының құрамына үміткер ретінде жалпы 10 азаматтан өтініш түскен. Оның 6 электронды түрде, 4 қолма-қол ұсынылған.
Жиын ашық түрде өтіп, кандидаттар Заң талаптарына сәйкес бір-біріне ашық дауыс берді. Конкурс нәтижесінде: Қоғамдық кеңесті қалыптастырушы жұмыс тобының құрамында азаматтық қоғам өкілдерінен ең көп дауыс жинаған алғашқы 7 кандидат жұмыс тобының мүшесі болып бекітілді.
Жиынның соңында жұмыс тобының жетекшісі болып көпшілік дауыспен Ұ.Бәшенов сайланды.