"Shymkent" ӘКК қалаға қоғамдық көлік мәселесін заманауи тұрғыда шешуді ұсынады. Олардың қатарында электронды билеттеуді енгізу және муниципалдық автопарк құру бар.
"Shymkent" ӘКК АҚ Басқарма Төрағасы Рашид Аюпов қаланың қоғамдық кеңесінің алдында Шымкент қаласының жолаушылар тасымалының жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қазіргі таңда Шымкент қаласында 27 көлік компаниясы жолаушылар тасымалымен айналысады, олардың тек 14-і өз автобустары, қалғаны жалгерлік автобустары. Тасымалдау қауіпсіздігі, автобустар паркін жаңарту, мәдениет деңгейі және осы компанияларда қызмет көрсету сервисі сияқты маңызды аспектілер оң өзгерістерді талап етеді. Жолаушылар тасымалының негізгі мәселелері Шымкентте:
* Жолаушыларға қызмет көрсету сапасының төмендігі
* Төмен мәдениет және жүргізушілердің көлікті дұрыс басқармауы
* Автобустардың жолаушыларды нормадан артық толтыруы
* Тасымалдау қауіпсіздігі
* Маршруттар кестесін сақтамау
* Маршрутқа тек қана час-пик уақтысында шығу
* Тиімді емес маршруттарға қызмет көрсетпеу
"Электронды билеттеу жүйесін енгізу және муниципалдық автобус паркін пайдалануға беру бірқатар маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік береді: мысалы, көлеңкелі айналымнан жол жүру ақысын шығару; ескірген қалалық автобустар паркін жаңарту; қалалық жолаушылар тасымалы қауіпсіздігі мен сервис деңгейін арттыру; қазіргі заманғы автобус паркінің өндірістік инфрақұрылымын құру", - деді Рашид Аюпов.
"Shymkent" ӘКК АҚ тарапынан келесі жұмыстар жоспарлануда:
1. Муниципалдық автобус паркін құру – "ShymkentBusLine" ЖШС
2. ПТӘ инфрақұрылымын салу
3. Субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту
4. Орталық диспетчерлік қызмет
5. Бақылау-тексеру қызметі
6. Пайдаланушыларға қызмет көрсету орталығы
7. Сервистік-техникалық қызмет
8. Көліктік емес төлемдер қызметі.
Қаланың қоғамдық кеңесі "Shymkent" ӘКК " АҚ Басқарма Төрағасы Рашид Аюповтың ұсынысын қолдады.