Науқастармен қарым-қатынаста болған 31 адам анықталып, олар оқшауланды.
17 сәуір күні Шымкент қаласында коронавирус жұқтырғандар саны 3-ке артты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оның біреуі қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының 34 жастағы санитар әйел болып шыққан.
Бұл туралы Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова мәлімдеді.
Қалған науқастың бірі 54 жаста болса, үшіншісі 10 жастағы бала. Олар бұған дейін ЖВРИ ауруымен ауырған екен.
Айгүл Бекбауованың айтуынша, қазіргі уақытта науқастарды емдеу шаралары жүргізулде. Айта кетерлігі, екі науқаспен қарым-қатынаста болған 31 азамат анықталып, олар толығымен карантинде оқшауланды.
Естеріңізге сала кетейік, 17 сәуірдегі соңғы ақпарат бойынша Шымкент қаласында коронавирус жұқтырғандар саны 46-ға жетті.