Мегаполисте аталмыш індетті жұқтырғандар саны 43-ке жетті.
Бүгін Шымкент қаласында коронавирус инвекциясын жұқтырған тағы 3 науқас тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ауру жұқтырғандар Шымкент қаласының тұрғындары. COVID-19-ды жұқтыру қауіпі жоғары топтағы медициналық қызметкерлерді тестілеу кезінде анықталғандар.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда үшеуінінде жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
15.04.2020 жылы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 43 адам анықталды.