ШЫМКЕНТ: Коронавирус жұқтырған 9 науқастың барлығы қала тұрғындары

0
640

Шымкентте барлығы 80 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды.


ШЫМКЕНТ: Коронавирус жұқтырған 9 науқастың барлығы қала тұрғындары

Шымкентте бүгін коронавирус жұқтырған 9 адамның барлығы қала тұрғындары, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ауру жұқтырғандар 1990 ж, 1990 ж, 1983 ж, 1987 ж, 1931 ж, 1990 ж, 2010 ж, 1959ж, 2014 жылғы Шымкент қаласының тұрғындары. Олар коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
20.04.2020 жылы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 80 адам анықталды.