​ШЫМКЕНТ: KUNDELIK.KZ ПЛАТФОРМАСЫНЫҢ АЛТЫН БЕЛГІСІ ТАБЫСТАЛДЫ

0
70

Шымкент қаласы соңғы жылдары цифрлық білім беру жүйесін дамытуда және заманауи технологияларды оқу үдерісіне енгізуде республика бойынша алдыңғы қатардан көрініп келеді.


​ШЫМКЕНТ: KUNDELIK.KZ ПЛАТФОРМАСЫНЫҢ АЛТЫН БЕЛГІСІ ТАБЫСТАЛДЫ

Шымкент қаласы электронды журнал мен күнделікті жүргізуде республика бойынша ең жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді.

Осыған орай «Күнделік» ЖШС жетекшілері Шымкент қаласының білім басқармасына, қалалық әдістемелік кабинетке, аудандық білім бөлімдері мен мектеп ұжымдарына ерекше жетістікті айғақтайтын «Алтын белгі» марапатын салтанатты түрде табыстады.
Бұл жоғары марапат Kundelik.kz платформасын жауапкершілікпен әрі сапалы толтыруға, ең жоғары нәтижеге қол жеткізуге байланысты беріліп, цифрлық білім беру платформасын тиімді әрі нәтижелі пайдалану бағытындағы ауқымды жұмыс жоғары бағаланып отыр.
Айта кету керек, Шымкент қаласы соңғы жылдары цифрлық білім беру жүйесін дамытуда және заманауи технологияларды оқу үдерісіне енгізуде республика бойынша алдыңғы қатардан көрініп келеді.
Бұл табыс – білім беру ұйымдарының, қажырлы педагогтердің, жауапты ата-аналар мен ізденімпаз оқушылардың бірлескен еңбегінің жемісі.
Бөлісу