ШЫМКЕНТ: Құрсай елді мекенінің инфрақұрылымын дамыту – басты назарда

0
833

Қазіргі уақытта Құрсай елді мекенінде бірнеше нысанның құрылысы қарқын алған.


ШЫМКЕНТ: Құрсай елді мекенінің инфрақұрылымын дамыту – басты назарда

Шымкент қаласы Тұран ауданына қарасты Құрсай елді мекенінде бүгінде 20 мыңға жуық халық бар. Аталған елді мекенді сапалы инфрақұрылыммен қамту - басты міндеттердің бірі.

Осыған орай, қазіргі уақытта Құрсай елді мекенінде бірнеше нысанның құрылысы қарқын алған. Атап айқанда, Тұрбат, Шеңбертал, Таңбалы тас, Мәмешов тұйығы, Зайсан, Өскент көшелеріне асфальт салынды. Сонымен қатар, Сатқанбайұлы, Бекболатов, Құлантөбе, Құлантөбе өткелі, Әулиекөл, Егізтөбе көшелерінде құрылыс жалғасып жатыр.
Сонымен қатар, Агрофирма Құрсай елдімекені Сарытау соңы, Ақбастөбе көшелеріне жол салу құрылысы жүруде.
2023 жылдың соңына дейін Құрсай елдімекені бойынша 40 көшеге 16,4 шақырым шағал тас төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын. Бүгінде дейін 32 көшеге 15,2 шақырым шағал тас төсеу жұмысы аяқталды.
Көшелерді жарықтандыру жұмыстары да назардан тыс қалмады. Бүгінгі күнге дейін Аққыстау және Қармақшы көшелері жарықтандырылса, Таңатар көшесін де жарықтандыру жоспарланған.
Сондай-ақ, ауыз су мәселесі жыл соңына дейін шешімін табатын болады.

Бұған дейін Тұран ауданының әкімі Боранбай Булатбеков Құрсай елді мекені тұрғындарымен кездескен болатын. Көшпелі жиын барысында елді мекеннің әлеуметтік-инфрақұрылымдық мәселелері талқыланып, тұрғындардың шағымын тыңдаған еді.

Өзекті мәселелерді шешу, кемшіліктерді реттеу бойынша аудан әкімі тиісті басқармаларға тапсырма берген болатын.

Қазіргі уақытта Құрсай елді мекенін сапалы инфрақұрылыммен қамту мақсатында бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соның бірі – ирригация құрылысы.

Құрсай елді мекеніндегі Құлаңтөбе көшесі, Ащысай – Құрашығанақ – Құрсай сайы көшелерінің аралығында ирригация құрылысы жүруде. Қазан айында құрылысы аяқталып, пайдалануға берілетін болады.

Сондай-ақ, Құрсай елді мекенінде жол құрылысы, жаяу жүргіншілер жолының құрылысы да қатар жүруде.