ШЫМКЕНТ: Құрсайда инженерлік инфрақұрылым жүйелері орнатылуда

0
78


ШЫМКЕНТ: Құрсайда инженерлік инфрақұрылым жүйелері орнатылуда

Шымкент қаласының Құрсай елдімекеніндегі Жаңақұрылыс аумағында инженерлік инфрақұрылым жүйелерін жүргізу жұмысы қарқынды атқарылуда. Жоба аясында аумаққа электр энергиясының желісі тартылып жатыр.

Электрмен жабдықтау жүйесінің құрылысы бойынша мердігер мекеме «Электромонтаж» АҚ тарапынан бүгінге дейін 22 шақырым жерге жоғары кернеулі (10 кВ) кабель желісі мен 38 шақырымдық төменгі кернеулі (0,4 кВ) әуе желісі тартылды.
Сонымен қатар 1 электр тарату бекеті және 5 трансформатор станциясы салынған. Жоспар бойынша бұл жұмыстар жыл соңына дейін толық аяқталады. Нәтижесінде Жаңақұрылыс аумағында орналасқан 400-ге жуық үйге электр энергиясы жеткізіліп, тұрғындар сапалы әрі тұрақты жарықпен қамтамасыз етіледі.
Қала тұрғындарын инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету – Шымкент қаласының әкімдігі мен Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы жұмысының басты бағыттарының бірі.
Бөлісу