​ШЫМКЕНТ: қыркүйек айында 14 балабақша қолданысқа беріледі

0
317

Жылдың соңына дейін балабақшаларды мемлекеттік тапсырыс аясында қосымша 2100 орынмен қамтамасыз ету күтілуде.


​ШЫМКЕНТ: қыркүйек айында 14 балабақша қолданысқа беріледі

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифинг алаңында Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Шәмшиева Нұргүл Ақылбекқызы биылғы жылғы білім беру ұйымдарының 2024-2025 оқу жылына дайындығы бойынша баспасөз брифингін өткізді.

Спикердің айтуынша, бүгінгі таңда Шымкент қаласында 982 білім беру ұйымы жұмыс істейді. Онда - 415 908 тәрбиеленуші білім алуда (мемлекеттік – 258, бала саны – 262 856, жеке – 724, бала саны – 153 052).
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы орын тапшылығын жою мақсатында, 2023 жылы 30 балабақша ашылып, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды ұлғайту үшін 2 945 орынға мемлекеттік тапсырыс берілген. Биылғы жылы балаларды 2 жастан бастап мектепке дейінгі біліммен қамту, жекеменшік балабақша есебінен санын арттыру бағытында мемлекеттік тапсырыс негізінде 3150 орынмен қамту жоспарланған.
Жергілікті бюджеттен 43,6 млрд теңге қаржы жалпы 71 193 бала санына қаралған. Оның ішінде ағымдағы жылдың сәуір айында 1050 орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылған. Жоспар бойынша ағымдағы жылы жаңадан ашылатын 32 балабақшаның сәуір айында 13-і ашылып, 117,3 млн теңге қаржыға 242 орын мемлекеттік тапсырысы берілген. Нәтижесінде, 1-6 жас аралығындағы кезекте тұрған 86 387 баланың – 86,6%-ы (76 216 бала) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылса, 2-6 жас аралығындағы 83 590 баланың 89,3% (74 661 бала) қамтылған.
Биылға жылдың соңына дейін балабақшаларды мемлекеттік тапсырыс аясында қосымша 2100 орынмен қамтамасыз ету күтілуде (биылғы жылдың 1-қыркүйегіне дейін 1100 орын, жыл соңына дейін 1000 орын). Бұның 100 орыны ата-аналарға ваучер беру арқылы жүзеге асырылады деп жоспарлануда екендігін атап өтті Нұргүл Ақылбекқызы.
Сонымен қатар, қыркүйек айында 14 балабақша және желтоқсан айында 5 балабақша ашылады деп күтілуде.
Бөлісу