​ШЫМКЕНТ-ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІ B2B ФОРМАТЫНДА КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ

0
278

Шымкент - Орталық Азия және Таяу Шығыс елдерімен белгіленген экономикалық байланыстары бар шекара маңы аймағы мәртебесіне ие және елдің маңызды көлік торабы


​ШЫМКЕНТ-ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІ B2B ФОРМАТЫНДА КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ

Шымкент қаласының ресми және іскерлік делегациясының сапары аясында Қытайдың Сиань қаласында Бас консулдықтың қолдауымен бауырлас қалалалардың кәсіпкерлерінің қатысуымен сауда-экономикалық форум өтті.

Сондай-ақ, Шымкенттің 20-ға жуық компаниясы мен Қытайдың 30-дан астам кәсіпорын өкілдері арасында B2B-кездесулер өтті. Шымкент бизнес-делегациясының құрамына денсаулық сақтау, IT, электр жабдықтарын өндіру, құрылыс материалдары, металлургия, тамақ және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, білім беру, қоғамдық тамақтану және т. б. салалардағы бизнес өкілдері қатысуда.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысушыларды құттықтап, екі елдің экономикалық ынтымақтастығы мен іскерлік серіктестігінің оң динамикалық өсуін атап өтті.
"Бүгінгі кездесулер сындарлы ынтымақтастыққа ықпал етіп, екіжақты жаңа жобаларды іске асыру перспективаларына жол ашатынына сенімдімін. Сиань "Бір белдеу-бір жол" бастамасының Жібек жолы Экономикалық белдеуінің маңызды нүктесі болып табылады. Өткен жылғы сапар аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Шымкент пен Сиань арасында бауырластық байланыс орнату туралы келісімдер бойынша бірқатар құжаттарға қол қойды. Бұл шаралар екі қала арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды жандандыратыны сөзсіз", - деді Ғ.Сыздықбеков.
Сондай – ақ, ол Шымкент - халық саны бойынша Қазақстанның үшінші ірі қаласы және алып жатқан ауданы бойынша бірінші қала екенін атап өтті. Қала Орталық Азия және Таяу Шығыс елдерімен белгіленген экономикалық байланыстары бар шекара маңы аймағы мәртебесіне ие және елдің маңызды көлік торабы болып табылады. Мұнда елдің өнеркәсіптік әлеуеті шоғырланған.