ШЫМКЕНТ: Мақсұт Исахов тұрғындарды онлайн қабылдады

0
720

Азаматтарды қабылдау WhatsApp желісінің видеоқоңырау жүйесі арқылы жүргізіледі.


ШЫМКЕНТ: Мақсұт Исахов тұрғындарды онлайн қабылдады

Бүгін қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов шымкенттік тұрғындарды кезекті рет онлайн қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қабылдауға тұрғындар қала әкімдігінің ресми сайтына өтінім қалдыру арқылы және әлеуметтік желідегі жеке парақшасына хат жолдау арқылы алдын-ала жазылған.
Қабылдаудағы мәселелердің басым көпшілігі қоғамдық көліктердің жүру жүйесі, шағын аудандардағы ішкі орам көшелерді асфальттау және заңсыз салынып жатқан кәсіп нысандары мен спорттық алаңшаларға қатысты болды.
Көтерілген мәселелердің дер кезінде шешімін табуы үшін Мақсұт Пернебайұлы тұрғындарға кеңінен түсіндірді. Сонымен бірге, орындалуы тиіс шараларды қадағалауға алып, басқарма басшыларына тез арада қолға алуды тапсырды.
Айта кетейік, карантиндік талаптарға байланысты азаматтарды қабылдау онлайн режимде, WhatsApp желісінің видеоқоңырау жүйесі арқылы жүргізіледі.