ШЫМКЕНТ: масаға қарсы залалсыздандыру тұрақты жалғасады

0
98

Тұрғындар да өз аулаларын таза ұстап, судың жиналуына жол бермеу арқылы зиянкестер көбеюінің алдын ала алады.


ШЫМКЕНТ: масаға қарсы залалсыздандыру тұрақты жалғасады

Шымкент қаласында масаға қарсы залалсыздандыру жұмысы жүруде.

Жоспарға сәйкес тиісті жұмыс саябақтар мен гүлзарлар, өзен-каналдардың жағалауы сияқты демалыс орындарында тұрақты жүргізіліп келеді.

Осыған орай жауапты мамандар жергілікті тұрғындардан сақтық шараларын ұстануды сұрайды. Залалсыздандыру жүргізілген аймақтарда балалардың ойнамауын және өңделген жерлермен тұрмыстық заттардың жанаспауын қадағалау қажет.
Сонымен қатар, тұрғындар да өз аулаларын таза ұстап, судың жиналуына жол бермеу арқылы зиянкестер көбеюінің алдын ала алады.
Бұл орайда жеке үйлер мен кәсіпкерлік аумақтардағы залалсыздандыру өтінім берушілердің жеке қаржысы есебінен жүргізіледі.
Бөлісу