​ШЫМКЕНТ: Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі 7008 адамға мемлекеттік қызмет көрсеткен

0
617

Сонымен қатар, МӘС әдіснама және бақылау бөлімінде, арыз бойынша 252 адам, бақылау бойынша 144 адам қайта куәландырудан өткен.


​ШЫМКЕНТ: Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі 7008 адамға мемлекеттік қызмет көрсеткен

Бүгін Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Өнербаев Бахтияр Әлтайұлы есептік брифинг берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған департамент басшының айтуынша, медициналық-әлеуметтік сараптама жұмыстары бойынша 2023 жылғы 30 маусымдағы деректер бойынша Шымкент қаласында мүгедектер саны 40597 адам, ол тұрғындардың 3,3% -ын құрайды.
Есепті мерзімде медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі 7008 адамға мемлекеттік қызмет көрсетті; оның ішінде алғашқы рет куәландырылғаны 1582 адам, қайта куәландырылғаны 5426 адамды құрайды. Қайта куәландырудан өткен 5426 азаматтың ішінде 4507 адам мүгедек деп танылған болса, 351 адам толық оңалтылып, мүгедектер санатынан шығарылды.
Сонымен қатар, МӘС әдіснама және бақылау бөлімінде, арыз бойынша 252 адам, бақылау бойынша 144 адам қайта куәландырудан өтті.
Зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша: Шымкент қаласы бойынша зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың жалпы саны 230 мыңнан астам азаматты құрап, оларға 13 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетілуде.
2023 жылыдың 1 тоқсанында азаматтарға әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша – 29530 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде анықталған кемшіліктерге сәйкес 963 іс қалпына келтіру үшін кері қайтарылған, бұл өтініштердің жалпы санының 2,9% құрады.
67 іс-құжат бойынша зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындауға өтініш берушілер тарапынан ұсынған құжаттардың дұрыстығын растау үшін уәкілетті ұйымдарға сұраныс хаттар жолданды.
Есепті кезеңде жалпы 29530 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде, ХҚКО арқылы 12036, бұл 40,8%, Электронды үкімет портал және проактивті қызметтер арқылы 14 069, яғни 47,6%, Банктік қосымшалар арқылы 3 398, яғни 11,5% іс қаралған болса, қалған 27 қызмет түрі, бұл 0,10% МӘС және Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы арқылы көрсетілген.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау жұмыстары:
Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімімен І жартыжылдықтың ішінде тексеру субъектілер мен объектілерінің бірыңғай тізілімінде 20 тексеру актісі тағайындалды. Оның ішінде:
Профилактикалық бақылау –10;
Шағымдар мен жүгінімдер негізінде – 10.
Бұдан бөлек қаланың аудандық прокуратураларының қаулысы негізінде 2 тексеру жүргізіліп, барлығы 22 тексеру жұмысы жүргізілді.
Тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою бойынша 11 нұсқама берілсе, 4 әкімшілік іс қозғалып, жалпы мөлшері 828,0 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.