ШЫМКЕНТ: Мирас, Шапағат-2 шағынаудандарына кәріз жүйесі тартылуда

0
370

Құрылысқа 30 адам, 7 арнайы техника жұмылдырылған.


ШЫМКЕНТ: Мирас, Шапағат-2 шағынаудандарына кәріз жүйесі тартылуда

Шымкентте елдімекендерге канализациялық желілерді тарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазір Мирас, Шапағат-2 шағынаудандарында кәріз жүйелерінің құрылысы жалғасуда. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов жауаптылармен бірге елдімекендерге барып, осы бағыттағы құрылыс қарқынын қадағалады. Аталған елдімекендерге канализациялық желілерді жүргізу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, 2020 жылы сараптамалық қорытынды алынған болатын.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің таратқан ақпаратына сәйкес, құрылысқа 30 адам, 7 арнайы техника жұмылдырылуда. Өндірістік кестеге сай құрылыс жұмыстары жылдың соңына дейін аяқталатын болады. Мирас-Шапағат-2 нысанында жоспар бойынша жалпы ұзындығы 50,4 шақырым құбыр жүргізіледі. Осыған дейін жұмыстардың 85% аяқталған.
Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға құрылыс сапасын назарға алып, абоненттерді орталықтандырылған желіге қосуды жүйелі ұйымдастыруды тапсырды.
Биыл Тассай, Тұран, Қайтпас-2, 112- орам, Бозарық шағынаудандарында құрылыс жұмыстары аяқталып, 60 мыңға жуық абонент кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алады. Нәтижесінде қалада кәрізбен қамту көрсеткіші 60 % - дан 65 % - ға артатын болады.