​ШЫМКЕНТ: Наурыз мейрамының онкүндігі қаланың ең көрікті жерлерінде өтеді

0
669

Шымкентте Наурыз мерекесін атап өту бойынша дайындық жұмыстары басталды.


​ШЫМКЕНТ: Наурыз мейрамының онкүндігі қаланың ең көрікті жерлерінде өтеді

көрнекілік сурет: yujanka.kz

ERNUR.KZ. Шымкентте түркі әлеміне ортақ Наурыз мейрамының онкүндігі қаланың көрікті жерлерінде өтетін болады.

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызыметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласы Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағаттар басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев айтты.

«Биылғы жылғы Наурыз мерекесін атап өту бойынша дайындық жұмыстары басталды. Жақсылықтың жаршысы жаңа жылдың бастауы, Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамының онкүндігі аясында, қаланың көрікті жерлерінде (алаң, гүлзар, саябақ), мәдени мекемелерінде тақырыптық, тарихи-танымдық, оқу-ағарту, семинарлар, кітап, робототехника көрмелері, түрлі форматтағы жәрмеңкелер мен іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілетін болады. Айта кетейін, елімізде Наурыз мейрамын он күн атап өту 2021 жылдан бастап тойланып келеді», - деді спикер.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұра объектілерін есепке алу, қорғау аймақтарын анықтау және мемлекеттік тізімге енгізу үшін тарихи-мәдени сараптама дайындау жоспарлануда. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде тарихи-мәдени мұра объектілерінің жинағы шығарылатын айтты Бауыржан Орынтаев айтты.


Таяуда Шымкент қаласында елімізге белгілі археолог ғалымдармен кездесу өткізілді. Кездесу барысында қала аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұра объектілерін ғылыми тұрғыдан анықтау, зерттеу бағытында және салада кездесетін бірқатар мәселелерді талқылау бойынша мәселелер көтерілді.