ШЫМКЕНТ: нейросонография балалардағы патологияларды ерте анықтауға мүмкіндік береді

0
81


ШЫМКЕНТ: нейросонография балалардағы патологияларды ерте анықтауға мүмкіндік береді

Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасына қарасты диагностикалық орталықта балаларға арналған нейросонография қызметі көрсетіледі.

Бұл зерттеу баланың миы мен жүйке жүйесін ультрадыбыстық әдіспен тексеруге мүмкіндік береді. Нейросонография арқылы түрлі патологияларды ерте анықтап, балаларға қажетті скринингтік тексерулерді уақтылы жүргізуге болады.

Орталықта білікті мамандар заманауи медициналық жабдықтармен жұмыс істейді. Баланың денсаулығы жіті бақылауда болып, ата-аналарға түсінікті кеңес беріледі.
Бөлісу