Шымкенттегі Нұртас шағын ауданында 2 мың орындық жайлы мектеп пайдалануға берілді.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков заманауи талаптарға сай салынған білім ғимаратын аралап көрді.
Жалпы, шәкірттердің заманауи талапқа сай білім алуына жағдай жасау мақсатында ұлттық жоба аясында Шымкентте 18 білім нысанын ашу жоспарлануда.