ШЫМКЕНТ: Оңтүстік тұрғын алабында ауыз су құбыры салынуда

0
72

Нәтижесінде жалпы 956 үйді орталық ауыз су жүйесіне қосу көзделген.


 ШЫМКЕНТ: Оңтүстік тұрғын алабында ауыз су құбыры салынуда

Шымкент қаласындағы Оңтүстік тұрғын алабын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында су құбырының құрылыс жобасы іске асырылуда.

Қазіргі таңда нысанда құрылыс-монтаж жасалып, барлық жұмыс бекітілген өндірістік-күнтізбелік жоспарға сәйкес орындалуда. Жоба аясында ауыз су құбырларын төсеу, құбыр желілерін тарту және үйлерді орталық ауыз су жүйесіне қосу жұмысы жүзеге асырылуда.
Нәтижесінде жалпы 956 үйді орталық ауыз су жүйесіне қосу көзделген.
Жоба іске асырылғанда Оңтүстік тұрғын алабының тұрғындары сапалы әрі үздіксіз орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етіліп, аумақтың инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымы жақсартылады, халыққа көрсетілетін коммуналды қызметтердің сапасы артады.
Бөлісу