Құрылыс жұмыстары 2018 жылы басталған болатын.
Шымкент қаласының Әкімшілік-іскерлік орталығында 4 автомобильге арналған өрт сөндіру депосы мен қосымша ғимарат құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов аталған өрт сөндіру депосының құрылыс барысымен танысты.
Жер телімінің жалпы ауданы 1,2 га нысанның құрылысын «Темирспец-Строй» ЖШС атқаруда.
Құрылыс жұмыстары 2018 жылы басталған болатын. Мердігер компания құрылысты биыл жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.