​ШЫМКЕНТ: ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ ГАЛА-КОНЦЕРТ ӨТТІ

0
46


​ШЫМКЕНТ: ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ ГАЛА-КОНЦЕРТ ӨТТІ

Шымкентте 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне орай өткен мерекелік гала-концертке қала тұрғындары мен қонақтар көп жиналды.

Кештің мақсаты — ерлік пен патриотизмді дәріптеу болды.

Концерттік бағдарламада жергілікті өнер ұжымдары мен өнерпаздары патриоттық әндерді әуелетіп, көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады. Мерекелік шараға жиналған көпшілік көтеріңкі көңіл күймен ұлттық рухты асқақтатар әуендерді сахна саңлақтарымен бірге шырқады.
Айта кетейік, 8–9 мамырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған түрлі деңгейдегі мәдени-бұқаралық іс-шаралар өз жалғасын табатын болады.
Бөлісу