Болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру» бағдарламаларын халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында аудандық ақпараттық-насихаттық топ 15 рет кездесу өткізіп, оған 20 мыңға жуық аудан тұрғыны қатысқан.
2019 жылы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру бағыттары бойынша Әл-Фараби ауданының әкімі есеп берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
"Әл-Фараби ауданында 672 көпқабатты тұрғын үй, 15153 жеке тұрғын үй бар. Аталмыш аудан инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы 6 бағыт бойынша іске асты." - деген Ғабит Мәуленқұлов 2019 жылы атқарылған жұмыстарын қорытындылады.
Әл-Фараби ауданы әкімінің айтуынша, арнайы түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде 650 адам «Атамекен» кәсіпкерлік қолдау орталығына тіркеліп, оның ішінде 125 тұлға әр түрлі салада өз кәсіптерін ашып, жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік алған.
2019 жылы атаулы әлеуметтік көмекті алған 2249 отбасы жанұялық кәсібін ашып, бүгінгі күні өз ісін дамытып отыр. Оның ішінде: 760 отбасы тігін цехтарын, 550 отбасы кондитерлік өнімдер шығарса, 743 отбасы мал шаруашылығымен, 128 отбасы сұлулық салондарын, 45 отбасы ағаш өңдейтін цех, 23 отбасы егін шаруашылығымен айналысуда.
Сондай-ақ, Әл-Фараби ауданы бойынша бірегейлікті сақтау бағытында ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту мақсатында 10 іс-шара ұйымдастырылған екен.
"404 даңғыл, көше мен өткелдердің 41 көшесіне жаңадан атау беру үшін тиісті басқармаға ұсыныс жолданған.
Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен бекітілген жоспарға сәйкес, 2019 жылы мемлекеттік маңызы бар11 мерекелік іс-шара, 10 кәсіби, 25 қайырымдылық іс шаралар өткізілді.", дейді Ғ.Мәуленқұлов.
Болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру» бағдарламаларын халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында аудандық ақпараттық-насихаттық топ 15 рет кездесу өткізіп, оған 20000-ға жуық аудан тұрғыны қамтылды.
"Аудан аумағында 26 мектеп бар. 25 мектептің ішінде соңғы 10 жылда соғылғаны - 4, толық күрделі жөндеуден өткені - 13. Болашаққа бағдар "Рухани жаңғыру" бағдарламаларын халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында аудандық ақпарат-насихаттық топ 15 рет кездесу өткізіп, оған 20 000-ға жуық аудан тұрғыны қамтылды." - дейді Ғ.Мәуленқұлов.
Ерекше атап өтетін жайт, аудан аумағындағы ең көне әрі маңызды нысан - Цитадельдің құрылысы қала күні қарсаңында аяқталып, пайдалануға беру жоспарлануда. Сондай-ақ, "ТМД елдерінің мәдени астанасы" жылына орай өткізілетін іс-шараның басым көпшілігі Әл-Фараби ауданында өткізіледі. Жылдың салтанатты ашылу өткізілетін Қ. Мұңайтпасов атындағы орталық стадионы наурыз айына дейін тиісті жөндеуден өтеді екен.