Құмыра Нотион қаласынан табылған.
Сурет: pixabay
Earth.com мәліметінше, ғалымдар қиранды орнынан алтын монеталарға толы саз құмыраны тауып алған.
Бұл жасырын қазына жалдамалы әскерге төленетін патшалық жалақыға ұқсайды. Алайда мамандардың пайымынша, оның жер астында қалуының басты себебі – иесінің бір себеппен үйіне қайта оралмауы мүмкін.
Құмыра Нотион қаласынан табылған. Бұл – кезінде парсы және афин билігінің арасындағы шекаралық аймақ болған жағалаудағы көне қала.
Зерттеу жетекшісі, Мичиган университетінің ежелгі Жерорта теңізі өнері мен археологиясы профессоры Кристофер Раттенің тобы Нотион орталығына жақын орналасқан ішкі ауласы бар үйді қазған. Кейін белгілі болғандай, бұл үй V ғасырдан бұрынғы классикалық дәуірге тән ертеректегі құрылыстың үстіне салынған.


