​Шымкент полициясында жас қызметкерлер ант қабылдады

0
59

Ант қабылдау – ішкі істер органдары қызметкерлері үшін аса маңызды әрі жауапты кезең.


​Шымкент полициясында жас қызметкерлер ант қабылдады

Шымкент қаласы Полиция департаментінде жас қызметкерлердің салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі өтті.

Іс-шара саптық байқау барысында ұйымдастырылып, оған департаменттің жеке құрамы толықтай қатысты. Рәсім үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен өтті.

Салтанатты жиында жас қызметкерлер басшылық пен әріптестерінің алдында ант қабылдап, Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге, заң талаптарын қатаң сақтауға және азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауға міндеттенді.
Ант қабылдау – ішкі істер органдары қызметкерлері үшін аса маңызды әрі жауапты кезең. Бұл – Отанға адал қызмет етудің, кәсіби борышқа беріктіктің және заңға деген құрметтің айқын көрінісі.
Департамент басшылығы жас қызметкерлерді маңызды қадамымен құттықтап, қызмет жолында табыс, табандылық және таңдаған мамандыққа адалдық тіледі.
Бөлісу