ШЫМКЕНТ: психикалық денсаулық орталығында жастарға арналған ашық есік күні өтті

0
102

Психикалық денсаулық – адамның толыққанды өмір сүруінің маңызды құрамдас бөлігі.


ШЫМКЕНТ: психикалық денсаулық орталығында жастарға арналған ашық есік күні өтті

Шымкент қалалық психикалық денсаулық орталығында жастарға арналған Ашық есік күні ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – жастардың психикалық денсаулық туралы сауаттылығын арттыру, алдын алу шаралары жөнінде ақпарат беру және мамандардың кеңесіне қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Кездесу барысында қатысушылар орталықтың қызметімен танысып, психиатр, психолог және нарколог мамандардан психикалық саулықты сақтау, күйзелістің алдын алу, эмоционалдық тұрақтылықты нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша пайдалы ақпарат алды.
Сондай-ақ жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан жеке кеңестер алды. Ашық форматта өткен іс-шара психикалық денсаулық мәселелеріне қатысты түсіністікті арттырып, жастар арасында профилактикалық жұмыстарды күшейтуге ықпал етті.
Мамандардың айтуынша, психикалық денсаулық – адамның толыққанды өмір сүруінің маңызды құрамдас бөлігі. Сондықтан жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу өзекті бағыттардың бірі болып қала береді.
Бөлісу