​ШЫМКЕНТ – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚҚА АЙНАЛДЫ

0
59

Атқарылған бұл жұмыстар Шымкент қаласының мәдени әлеуетін арттырып, тұрғындардың рухани өмірін байытуға және қаланың ірі мәдени орталық ретіндегі мәртебесін нығайтуға ықпал етуде.


​ШЫМКЕНТ – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚҚА АЙНАЛДЫ

Шымкент қаласында мәдениет саласы жүйелі түрде дамып, тұрғындар мен қала қонақтарына тұрақты әрі сапалы қызмет көрсетіп келеді. Қала аумағында мәдени инфрақұрылымды қамтитын бірқатар мекемелер белсенді жұмыс атқаруда.

Бүгінде Шымкентте 6 кітапхана жүйесіне біріктірілген 37 филиал қызмет көрсетеді. 2025 жылы кітапханаларда 297 894 оқырман тіркеліп, 1 857 көпшілік іс-шара өткізілді. Кітап қоры 21 943 дана жаңа әдебиетпен толықтырылып, жалпы саны 1 846 216 данаға жетті. Оның ішінде 636 458 дана кітап қазақ тілінде. Жыл бойы кітапханаларға 1 957 904 адам келіп, оқырмандарға 4 066 994 дана кітап берілді. Сонымен қатар 10 875 дана жаңа кітап сатып алынып, оның 8 005-і қазақ тіліндегі басылымдар болды.
Қалада 7 театр тұрақты түрде жұмыс істейді. 2025 жылы театр сахналарында 48 жаңа спектакль қойылып, жалпы саны 1 212 қойылым көрермен назарына ұсынылды. Театр қойылымдарын 236 648 көрермен тамашалады. Оның ішінде 124 137 адам ақылы қойылымдарға, 112 511 көрермен тегін көрсетілімдерге қатысты. Сонымен қатар драма, тарихи-драма, комедия, опера және балаларға арналған жанрлар бойынша 33 премьераны сахналау жоспарланды.
2025 жылы «Шымкент-цирк» алаңында 4 жаңа премьера ұсынылып, барлығы 68 қойылым өткізілді. Цирк өнерін 57 703 көрермен тамашалап, акробаттар, гимнасттар, шабандоздар, арқанмен жүрушілер, сайқымазақтар мен жонглерлердің өнеріне куә болды.
Түркістан және Қызғалдақ сарайларында 160 мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылып, 163 886 көрермен қамтылды. Сонымен қатар көрме орталығында өткен 92 іс-шараға 108 700 адам қатысты.
Қалалық музейлер жүйесінде барлығы 31 913 экспонат сақтаулы, оның 26 920-сы электронды базаға енгізілген. 2025 жылы музейлерде 61 көрме, 1 912 экскурсия және 39 көпшілік іс-шара өткізілді. Аталған шаралармен 49 244 адам қамтылып, музей қоры 333 жаңа экспонатпен толықты.
Атқарылған бұл жұмыстар Шымкент қаласының мәдени әлеуетін арттырып, тұрғындардың рухани өмірін байытуға және қаланың ірі мәдени орталық ретіндегі мәртебесін нығайтуға ықпал етуде.
Бөлісу