ШЫМКЕНТ: Сәуле шағынауданында ауыз сумен қамту құрылысы аяқталды

0
494

Биыл қаладағы елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 14 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде.


ШЫМКЕНТ: Сәуле шағынауданында ауыз сумен қамту құрылысы аяқталды

Шымкент қаласында Жолдауда айтылғандай бүгінде өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы аясында бес жыл ішінде халықты 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Осыған орай, биыл қаладағы елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 14 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Жобаға сәйкес, бірнеше елдімекендерде құрылыс жұмыстары аяқталып, тұрғындарға сапалы ауыз су беру уақыты да жақын қалды. Мәселен, Әл-Фараби ауданына қарасты Сауле шағынауданынының жаңақұрылыс аумағында орналасқа 276 орамды ауыз сумен қамту құрылысы аяқталды.
Мердігер мекеме «АГАТ» тарапынан құрылыс жұмыстары 2021 жылдың маусым айында басталған болатын. Бүгінде 100 пайыз ішкі орамдық су жүйелері тартылды. Қазіргі уақытта құбырларды жуып-шаю, дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Аталған жұмыстар қараша айында аяқталып, бүгінгі күнге дейін ауыз суды кесте бойынша қолданып келген 276 орам тұрғындары толығымен үздіксіз сапалы ауыз су тұтынатын болады.