ШЫМКЕНТ: Шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 41,6%-ды құрады

0
646

Бұл көрсеткіш мемлекеттік бағдарламалар аясында ұлғайып отыр.


ШЫМКЕНТ: Шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 41,6%-ды құрады

Шымкент қаласында былтырғы жылдың қорытындысы бойынша шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 41,6%-ды құрады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл көрсеткіш мемлекеттік бағдарламалар аясында ұлғайып отыр, жыл сайын бюджеттен арнайы қаражат бөлінеді.
Бизнесті қолдауға бағытталған барлық бағдарламалардың принциптері кәсіпкерлер үшін тең жағдайлар жасау, сондай-ақ оларға қойылатын талаптардың, ұсынылатын құжаттарды зерттеудің жан-жақтылығы мен толықтығы, қабылданатын шешімдердің объективтілігі болып саналады.
Жалпы шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау көрсету бойынша тиісті қаржы бөлініп, 2022 жылы 4891 жоба қолдау тапқан болатын.
Ал биылғы жылдың басынан бері 2 056 жобаға қолдау көрсетілді. Атап айтқанда «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» шеңберінде 1 922 жобаға, «Іскер қала» іс-шара жоспары шеңберінде 134 жобаға қолдау көрсетілді.
Сонымен қатар, кәсіпкерлер үшін жергілікті және мемлекеттік бағдарламалар бойынша барлық кеңестер «Бизнеске арналған үкімет» фронт-офисі арқылы көрсетілуде.

Айта кетейік, биыл үшінші мегаполисте жалпыөңірлік ішкі өнім 3,1 триллион теңгеге жетеді. Шымкенттің жалпыөңірлік ішкі өнімі 2020 жылы 2 триллион 432 миллиард теңге болса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 3 триллионға жетті. Биыл 3,1 триллион теңгені құрайды деген болжам бар.

Бүгінде қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары негізінен 5 өндірістік аймақта орналасқан. Бүгінде жаңадан 3 индустриалды аймақ ашып, 2 аймақты кеңейту жоспарлануда. Биыл «Жұлдыз» және «Бозарық» индустриалды аймақтарының инфрақұрылым желілерінің құрылысы аяқталады.

Сондай-ақ, қала экономикасының өнеркәсіп, кәсіпкерлік, құрылыс, сауда, қызмет көрсету мен ауыл шаруашылығы секілді барлық негізгі секторларында тұрақты өсу динамикасы байқалды