Шымкентте тағы 4 науқас тіркелді.
Шымкент қаласында 2020 жылғы 10 сәуір күні коронавирус инфекциясын жұқтырудың 4 жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл науқастардың барлығы індет анықталған азаматтармен тығыз байланыста болған тұлғалар.
Бұл тұлғалардың барлығы стационарлық карантинде медициналық қызметкерлердің бақылауында болған. Инфекцияны анықтау бойынша жүргізілген зертханалық тексеруден COVID-19 сынамасы оң нәтиже көрсетті. Науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық, барлығына бекітілген хаттамаларға сәйкес қажетті ем жүргізілуде.
Ауруға шалдыққан науқастардың жас аралығы: 10 және 11 жастағы 2 бала, 54 және 58 жастағы 2 ересек азаматтар.
Науқастармен байланыста болған – 28 азамат анықталды. Олардың барлығы оқшауланып, медициналық бақылауға алынды.
Шымкент қаласы бойынша қосымша – 2 ошақ тіркелген.
Ошақтарда науқастардың тұрғылықты жері бойынша дезинфекция жүргізіліп, карантинге алынды.
Үздіксіз эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізілуде.
Қазіргі таңда, Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының жалпы 31 жағдайы тіркелген.