Сыйлық берген азаматша кінәсін мойындаған.
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа жалпыға бірдей төзбеушілікті қалыптастыру бойынша қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде мемлекеттік қызметшілер оған деген көзқарасын қайта қарап, өз қызметінде кездесетін сыбайлас жемқорлық көріністерінің фактілері туралы хабарлауда, деп жазады ERNUR.KZ.
Мәселен, Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сот отырысының хатшысына 5 000 теңге түріндегі заңсыз материалдық сыйақы беру фактісі бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібінде жеке тұлғаға хаттама түзді.
Сыйақы тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы азаматтық іс бойынша құжаттарды жедел ресімдегені үшін берілген.
Айта кету керек, бұл жағдай туралы мемлекеттік қызметші дереу тікелей басшысына хабарлаған.
Нәтижесінде, сыйлық берген азаматша кінәсін мойындап, ӘҚБтК-нің 676-бабы бойынша сыйлықтың алпыс тоғыз есе мөлшерінде, яғни 345 000 теңге айыппұл төледі.
Осылайша, мемлекеттік қызметшінің іс-әрекеті, ең алдымен, оның жауапкершілігі мен адалдығын көрсетеді, сонымен қатар биліктің барлық өкілдеріне үлгі болады.
Мұндай жағдайлар сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, жемқорлықтан азат қоғамды қалыптастыруға бағытталған кешенді алдын алу жұмыстарының тиімділігін растайды.