Құрылыс осы жылы басталып, 2022 жылы аяқталатын болады.
Шымкент қаласы Каратау ауданы Тассай тұрғын алабындағы жүргізіліп жатқан кәріз жүйесінің құрылысы аудан әкімі тарапынан үнемі бақыланып отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Әкімдік мамандары құрылыс жұмыстарының барысын аралап, жұмыстарды сапалы орындау, тұрғындарға қолайсыздық туғызбау үшін дер кезінде қайта қалпына келтіру бойынша мердігер мекемемен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кәріз жүйесінің құрылысын Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының тапсырысымен "Сарыағаш- Аман" ЖШС құрылыс жұмыстарын атқаруда.
Құрылыс осы жылы басталып, 2022 жылы аяқталатын болады. Нәтижесінде Тассай тұрғын алабындағы 3 мыңға жуық үй орталық кәріз жүйесіне қосылатын болады.