​ШЫМКЕНТ: Тілдер күніне орай Республикалық форум өтті

0
1 293


​ШЫМКЕНТ: Тілдер күніне орай Республикалық форум өтті
ERNUR.KZ. Мемлекет тарапынан қазақ тілінің қолданыс кеңістігін кеңейтуге жағдай жасалып жатыр.
Қазақ тілін үйреніп жүргендердің саны да жылдан жылға көбейіп келеді, олардың арасында өзге ұлт өкілдері де баршылық. Елімізде Тілдер мерекесі де аталып өтіп жүр.

Шын мәнінде тілдер мерекесі – Қазақстанда тұратын барлық этнос өкілдерінің ана тіліне құрмет көрсететін ортақ мейрам. Осы орайда, Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесін атап өтуде, Шымкентте бірнеше іс-шаралар жүргізілуде.

Соның бірі қаладағы көп салалы М. Әуезов атындағы ОҚМУ-де тіл жанашырларының бас қосуымен “Қазақ тілі- ұлы даланың ұлтаралық тілі” республикалық форум болып өтті.

Форумның басты мақсаты- қазақ тілінің тек бір ұлттың емес, бүкіл халықтың ортақ қарым-қатынас құралына айналу қажеттігін жүзеге асыру. Қазақ тілін үйренуге, дамытуға және оны қоғамдағы барлық салада кеңінен қолдануға бағыттау, қоғамдағы рөлін арттыру, насихаттау болды.
Оған тіл жанашырлары мен қоғам белсенділері қатысты.
Шара барысында “Тіл-қоғамның айнасы” тақырыбында шағын бейнеролик көрсетіліп, баяндамалар оқылып, тіл мәртебесін көтеру жайында келелі ойларымен бөлісіп, тұжырымды ұсыныстар ортаға салынды.

Жиынның соңында форум қатысушыларына үндеу жарияланып, көрермендердің ой-пікірлері тыңдалып, тілжанашырларына құрмет көрсетілді.