ШЫМКЕНТ: Төлеметов көшесінен Темірлан тасжолына дейінгі аралықта уақытша көлік қозғалысы тоқтатылады

0
1 059

Жол құрылысы 1 қыркүйекке дейін жалғасады.


ШЫМКЕНТ: Төлеметов көшесінен Темірлан тасжолына дейінгі аралықта уақытша көлік қозғалысы тоқтатылады

Шымкент қаласының көлік инфроқұрылымын дамыту мақсатында, «А-2 «Қорғас-Алматы-Шымкент-Өзбекстан Республикасы шекарасы 674-705+621 (Шымкент қаласын айналып өту) автомобиль жолын қайта құру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сол себепті 2020 жылдың 29 сәуірінен 1 қыркүйекке дейін Төлеметов көшесінен Темірлан тасжолына дейінгі аралықта уақытша көлік қозғалысына шектеу қойылады.

Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы уақытша келтірген қолайсыз жағдай үшін кешірім сұрайды.