ШЫМКЕНТ: Төтеншеліктер адамдардың суда тұншығып қаза болуының негізгі себептерін айтты

0
1 156

Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.


ШЫМКЕНТ: Төтеншеліктер адамдардың суда тұншығып қаза болуының негізгі себептерін айтты

Шымкетте суға шомылу орындарында рейд ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Суға шомылу маусымы кезеңінде су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және адамдардың қаза болуына жол бермеу мақсатында Еңбекші ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері шомылу орындарында рейд және түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Рейд кезінде мамандар демалушылармен әңгіме жүргізіп, судағы өлімдердің негізгі себептерін айтып, олардың ішінде көбірек кездесетіні - тыйым салынған жерлерде, мас күйінде суға түсу, үлкендердің қарауынсыз балаларды су қасында қалдыру болып табылатынын айтты.

Сондай-ақ, Еңбекші ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері ақпараттық жадынама парақшаларын таратып, азаматтарды жазатайым оқыс-оқиғаларды болдырмау үшін су айдынының түрлеріне қарамастан судағы қауіпсіздік шаралары мен қағидаларын біліп, міндетті түрде орындауларына шақырады.