Шымкент қаласы Тұран ауданы аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларына жаңа муралдар салынды.
Муралдардың негізгі тақырыптары:
- Қазақ вальсінің королі, халықтың сүйікті композиторы Шәмші - Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған
- 2025 жыл – Қазақстандағы Жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы туынды
- Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған, ел бірлігі мен бейбітшілікті насихаттайды
Жаңа муралдар орналасқан мекенжайлар:
Республика даңғылы №28, Темірлан тас жолы №54, №28, Алпысбаева көшесі №127, Д.Құрманбеков көшесі №32, Матросов көшесі №3, 1-Мамыр көшесі №1, 4-шағын аудан 48а, Отырар көшесі №13.
Бұл өнер туындылары аудан тұрғындары мен қонақтарына ерекше әсер сыйлап, жас ұрпаққа тағылымды ой ұялатып, қаланың келбетіне заманауи сән беруде.