ШЫМКЕНТ: Тұран ауданындағы жұмыспен қамту бөлімшесі өз жұмысын бастады

0
1 910

Жаңадан ашылған бөлімше күнделікті 100-200-ге жуық адамды қабылдай алады.


ШЫМКЕНТ: Тұран ауданындағы жұмыспен қамту бөлімшесі өз жұмысын бастады

Шымкентте жаңадан құрылған Тұран ауданы бойынша жұмыспен қамту бөлімшесі ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Енді ауданның құрамындағы 21 елдімекен мен тұрғыналап тұрғындары жұмыспен қамту және атаулы әлеуметтік көмек бағыттары бойынша қызмет түрлерін Қазыбек би №50 мекенжайынан ала алады.
Жаңадан құрылған Тұран ауданы мегаполис аумағының 32%-ын құрайды, яғни жалпы аумағы 36,3 мың га. Халық саны 220,7 мың. Жаңадан ашылған бөлімше күнделікті 100-200-ге жуық адамды қабылдай алады. Штаттық бірлік 25 адамнан құралған. Мекеме ішінде күту залы, өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы, жұмыспен қамту және атаулы әлеуметтік көмек бөлімі қарастырылған.
Айта кетейік, Тұран ауданы бойынша жұмыспен қамту бөлімшесіне Қазыбек би көшесі бойынша № 84, 113, 114, 182 бағытындағы жолаушылар көлігі қатынайды. Ал, Дулати көшесінен №84, 113,182 жолаушылар көлігі арқылы "Некрасова" аялдамасынан бөлімшеге қатынай аласыздар.
Еске сала кетейік, жұмыссыздықты азайту мақсатында қолға алынып отырған мемлекеттік бағдарламалар Шымкентте өз нәтижесін беруде. Биыл қалада 57 мыңнан аса азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылады.
Одан бөлек, жастардың кәсіппен айналысуына да жол ашылады. Бизнес бастауға қолдау ретінде «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы микрокредиттер беріледі. Жалпы, қала бойынша биыл 261 адамға микрокредит беру жоспарланып, бұл мақсатқа 1,3 млрд теңге қаржы бөлінген.
Сондай-ақ, биыл Шымкент қаласындаы 261 жасқа жеңілдетілген несие беріледі. Жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында биылдан бастап берілетін шағын несиені 21 жастан 35 жасқа дейінгі азаматтар ала алады. Өтініш берген сәтте үміткердің жеке кәсіпкер ретінде тіркелген уақыты 5 жылдан аспауы тиіс. Бағдарламаға жұмысшы жастар да қатыса алады. Өз кезегінде шағын несие беру туралы шешімді комиссия қабылдайды.